Кепілдік

TRIBE ЭЛЕКТРЛІК ӨЗДІГІНЕН СЫРҒАНАҒЫШЫН ТАҢДАҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ!

 

Біз кепілдік мерзімі кезінде құрылғыда зауыт жіберген жарамсыздықтың болмауына кепілдік береміз және ақау орын алған жағдайда оны тегін жоюға міндеттенеміз. Дегенмен, кепілдік жағдайы не болып табылатынын, TRIBE кепілдік саясаты қандай екендігін және электрлік өздігінен сырғанағыштың ұзақ мерзім бойы және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде пайдаланудың қандай ережелерін сақтау керектігін нақты түсіну үшін осы бөлімді оқып шығуыңызды қадала сұраймыз.


ЭЛЕКТРЛІК ӨЗДІГІНЕН СЫРҒЫНАҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

Сатып алушының электрлік өздігінен сырғанағышты Пайдаланушы нұсқаулығында келтірілген ұсыныстары мен талаптарын сақтауы техникалық ақаулардың пайда болу мүмкіндігін азайтуға жағдай жасайды. Электрлік өздігінен сырғанағышпен бірге жиынтыққа кіретін Пайдаланушы нұсқаулығын, әсіресе — «Электрлік өздігінен сырғанағышты күтіп ұста» бөлімін мұқият оқып шығыңыз.

 

Пайдалану алдында жиынтыққа кіретін алты қырлы кілттің көмегімен электрлік өздігінен сырғанағышты (оған меңгергіні орнату) дұрыс жинау керектігін естен шығармаңыз. Меңгергіні қате орнатылуын болдырмау үшін Пайдаланушы ңұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, қателіктің салдары — аккумулятор батареясының электрлік ағытпасын зақымдауы мүмкін. Қажет болған жағдайда сауда ұйымының техникалық маманына немесе TRIBE авторизацияланған сервис-орталығына жүгініңіз.

 

Электрлік өздігінен сырғанағыш бір адамның жабындысы жақсы (асфальт, бетон, асфальтбетон) жолмен, беткі қабаты тегіс тас төселген жолмен немесе тапталып тегістелген құрғақ жермен сырғанауына арналғандығын ескеріңіз. Жұмсақ немесе ылғалды жермен, топырақпен немесе басқа да жабысқақ, батпақты немесе сусымалы беттермен, сондай-ақ шалшықтармен сырғанауға және электрлік өздігінен сырғанағышты суға батыруға тыйым салынады. Жаңбыр жауғанда электрлік өздігінен сырғанағышпен сырғанауға тыйым салынады.

 

Электрлік өздігінен сырғанағыш платформада немесе рөлде жүкті тасымалдауға, сондай-ақ коммерциялық мақсатта пайдалануға арналмаған. Егер жүкті тасымалдау қажет болса, онда пайдаланушының екі қолын бос қалдыратын иыққапты немесе басқа сөмкені пайдаланған жөн. Жұмыр тас төселген көшемен, жылдамдық бәсеңдеткіштерімен және басқа да тегіссіздіктермен электрлік өздігінен сырғанағышпен тебуге үзілді-кесілді ұсынбаймыз — бұл электрлік өздігінен сырғанағыштың түйіндерінің және механизмдерінің табиғи тозуын жылдамдатып, тіпті оны істен шығаруы мүмкін, бұл кепілдік жағдайы болып табылмайды.

 

Электрлік өздігінен сырғанағыштың зарядтау құрылғысы орын-жайдың ішінде және зарядтау құрылғысының тек затбелгісінде ғана көрсетілген техникалық сипаттамасына сәйкес пайдалануға арналған. Зарядтау құрылғысын пайдалану кезінде зарядтау құрылғысының өзіне және жалғағыш сымға судың тимеуін қамтамасыз ету керек. Электрлік өздігінен сырғанағышпен бірге жинақта жеткізілетін зарядтау құрылғысынан бөлек үлгідегі түрін пайдалануға тыйым салынады.

 

Электрлік өздігінен сырғанағышты тұрақты температурасы бар, желдетілген орын-жайда сақтау керек. Электрлік өздігінен сырғанағышты, зарядтау құрылғысын және желі баусымын ыстық ауа, ылғал әсер етпейтін, тікелей күн сәулесі түспейтін және балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Литий-ионды аккумулятор батареясын тасымалдау кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес электрлік өздігінен сырғанағышты әуе көлігімен тасымалдауға болмайды.

АККУМУЛЯТОР БАТАРЕЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

 

Аккумуляторная батарея электросамоката (далее АКБ) — сложный узел, требующий надлежащего ухода и культуры эксплуатации. При правильном использовании АКБ исправно проработает весь срок службы электросамоката. С целью продления работоспособности АКБ и предотвращения ее выхода
из строя требуется:

 

— Электрлік өздігінен сырғанағышты ұзақ уақыт (бір айдан астам) сақтау кезінде үнемі

— айына бір реттен кем емес

— АКБ-ны толық қуатталғанға дейін зарядтау;

— АКБ-ны пайдаланушы Нұсқаулығында көрсетілгендей ауа температурасының және/немесе ылғалдылығының өзгеруін болдырмай, қатаң тәртіпте электрлік өздігінен сырғанағыш жиынтығында сақтау керек.

 

АКБ техникалық күйін ең жақсы етіп ұстап тұру үшін сырғанаған сайын, сондай-ақ электрлік өздігінен сырғанағыш бір зарядтан қажетті жүрісті алмайтын болса, онда оны зарядтауға кеңес береміз. Батареяны толық зарядтаудың типтік уақыты аралығында (пайдаланушы Нұсқаулығының техникалық мәліметтерінде көрсетілген) — зарядтау құрылғысындағы зарядтау индикаторының күйіне қарамастан, АКБ-ны штаттық зарядтау құрылғысынан зарядтауға рұқсат беріледі.

 

МАҢЫЗДЫ! Электрлік өздігінен сырғанағышты тек қана штаттық АКБ-мен бірге қолдануға рұқсат беріледі. Басқа құрылғылардан алынған немесе техникалық параметрлер бойынша сәйкес келмейтін бөтен үлгідегі түріне ауыстыру Өндірушіні бұйымның кепілдік міндеттемелерінен босатады. АКБ-ны дұрыс қолданбау немесе оны уақытылы зарядтамау аккумуляторлы ұяшықтардың істен шығуына себепші болу мүмкін, ал бұл кепілдік жағдайына жатпайды.

 

ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

Электрлік өздігінен сырғанағышқа кепілдік мерзімі 6 айды құрайтын аккумулятор батареясын қоспағанда, тауарды сатып алған сәттен бастап 1 жылға кепілдік беріледі. Кепілдік мерзімі кезінде электрлік өздігінен сырғанағыштың фабрикалық қаптамасын және кассалық чегін сақтаңыз, өйткені қабылдау кепілдік шартына құрылғының толық жиынтығы, сондай-ақ кассалық чек кіреді.

Электрлік самокаттың кепілдікті қолдауға жатпайды, егер ол:

 

— 1 жылдан артық пайдаланылса (пайдаланудың бірінші күні болып сатып алған күні есепке алынады) немесе электрлік өздігінен сырғанағыштың коммерциялық мақсатта қолданылғандығы анықталса;

— Жиынтықта кепілдік талоны жоқ немесе кепілдік талонына өзгерістер немесе түзетулер (ресми сервис-орталығына жүгінген кезде сервистік ұйыммен енгізілген түзетулерді қоспағанда) енгізілген болса;

— Ұқыпсыз немесе спорттық іс-шараларда немесе жолсызбен сырғанағанда, трюк жасау мақсатында пайдаланылғанның салдарынан механикалық ақаулардың немесе өзгерістердің іздері бар болса;

— Құрылғының ішінде өзге заттардың болғандығын, суға немесе басқа бір сұйықтыққа батырғандығын, сондай-ақ ішіне жәндіктердің енгендігін көрсететін іздер табылса; - Еңсерілмейтін күш жағдайларынан (су апаты, дауыл, өрт, жер сілкінісі, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен оларға теңестірілген оқиғалардың) әсерінен зақымданған болса;

— Дұрыс пайдаланбағанның, сақтамағанның немесе тасымалдамағанның салдарынан, сондай-ақ төмен вольттік жабдықты пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін және талаптарын бұзғанның кесірінен ақаулар орын алса;

— Авторизацияланған сервис орталықтары болып табылмайтын тұлғалармен немесе фирмамен жөнделген болса;

— Құрылымы өзгеріске ұшыраған болса, онда кепілдікті қолдауға жатпайды.

Табиғи жемірілуге ұшыраған мына бір электрлікөздігінен сырғанағыштың бөлшектері кепілдікті қолдауға жатпайды: мойынтіректер, сырғыш төлкелер, сыртқы резеңкелер мен камералар, рөлдің резеңке тұтқасы, алдынғы шамның жарықдиодты элементтері.

 

Құрылмалық материалды табиғи пайдалануда түсінің өзгеруі, сондай-ақ металл жабындысының зақымдалған орнында және жабындысы жоқ жерде жемірілуі кепілдік жағдайына жатпайды.

 

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Электрлік өздігінен сырғанағыштың электрлік қорғаныстың ІІІ класына ие. Зарядтау құрылғысының электрлік қорғаныс класы зарядтау құрылғысының өзінде көрсетілген. Электрлік өздігінен сырғанағыштың жарамдылық мерзімі 3 жылды қамтиды. Өздігінен сырғанағыштың және зарядтау құрылғысының құрылымы КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімдігі», КО ТР 004/2011 «Төмен вольттік жабдықтың қауіпсіздігі туралы» ереже-талаптарына сәйкес келеді.

© TrueTribe.ru, 2018-2020, Барлық құқықтар қорғалған.

Сервис в России: 8-800-350-52-23 

Пн-Пт, с 09:00 до 21:00 (по московскому времени)

Сервис в Казахстане: 8-800-350-52-23 

Пн-Пт, с 09:00 до 21:00 (по московскому времени)

3210 круглосуточно